|
Фиқһ мәселелері мен дәлелдері
|
|
| Abdulattef | Дата: Пятница, 16.11.2012, 22:00 | Сообщение # 1 |
|
Рядовой
Группа: АДМИН
Сообщений: 12
Статус: Offline
| Сұрақ: Бойдәреті жоқ жүніп адам Құранды жадынан да оқи алмайды деп жатады. Бұның ханафи мәзһабында қандай дәлелі бар?
Жауап: Хайыз (етеккір көріп жүрген) халіндегі әйел жүніп (бойдәреті жоқ) пен нифас (жаңа босанып әлі тазармаған) әйел сияқты Құранды (жадындағыны немесе кітапқа қарап) оқымайды. Ал дәретсіз адам оқи алады.[i]
عَنْ جَابِرٍ أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: “لاَ يَقْرَأُ الْحَائِضُ وَلاَ الْجُنُبُ وَلاَ النُّفَسَاءُ مِنَ الْقُرْآنِ شَيْئًا” رَوَاهُ الدَّارَقُطْنِيُّ ثُمَّ الْبَيْهَقِيُّ وَقَالَ إِسْنَادُهُ صَحِيحٌ.
Жәбирден (р.а.) риуаят етілуі бойынша Аллаһ елшісі (с.а.у.) былай деген: «Хайыз әйел, жүніп кісі (бойдәреті жоқ ер немесе әйел), нифас қанын көруші әйел Құраннан ешнәрсе оқымайды.»Хадисті Дарақұтни, сосын Бәйһақи риуаят етті. Бәйһақи: Бұл хадистің иснады сахих. – деді.[ii]
Сұрақ: Құранды дәретсіз ұстауға бола ма?
|
| |
|
|
| Abdulattef | Дата: Пятница, 16.11.2012, 22:01 | Сообщение # 2 |
|
Рядовой
Группа: АДМИН
Сообщений: 12
Статус: Offline
| Жауап: Хайыз әйел, жүніп, нифас әйел және дәретсіз кісі Құранды ұстамайды. Олар Құранды тек одан ажырап тұратын тыспен ғана ұстай алады.[iii]
Бұл үкімге төрт мәзһап имамдары келіседі. Олардың дәлелдері – Құран аяты, сүннет және ижма (ғұламалардың бір ауыздан келісімі).
1. Құран аяты:
“إِنَّهُ لَقُرْآنٌ كَرِيمٌ فِي كِتَابٍ مَكْنُونٍ لاَ يَمَسُّهُ إِلاَّ الْمُطَهَّرُونَ تَنْزِيلٌ مِنْ رَبِّ الْعَالَمِينَ”.
«Расында ол қасиетті Құран жасырын кітапта. Оны тап-таза болғандар ғана ұстайды. Әлемдердің Раббысы тарапынан түсірілген.» (Уақиға сүресі, 77-80 аяттар.)
2. Сүннеттен дәлел:
عَنْ حَكِيمِ بْنِ حِزَامٍ _ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ – قَالَ : لَمَّا بَعَثَنِي رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِلَى الْيَمَنِ قَالَ: “لاَ تَمَسَّ الْقُرْآنَ إِلاَّ وَأَنْتَ طَاهِرٌ) . رَوَاهُ الْحَاكِمُ فِي الْمُسْتَدْرَكِ ، وَقَالَ: صَحِيحُ الإِسْنَادِ، وَلَمْ يُخْرِجَاهُ، وَوَافَقَهُ الذَّهَبِيُّ.
Хаким ибн Хизам (р.а.) айтады: «Аллаһ елшісі (с.а.у.) мені Иеменге жіберерде маған: «Құранды тек таза кезіңде ғана ұста» – деді.»
Хадисті Хаким «әл-Мустадракта» риуаят етіп, «Бұл сахих иснатты хадис, алайда Бұхари мен Муслим бұл хадисті өз кітаптарында келтірмеген» – деді. Имам Зәһаби Хакимнің берген бұл бағасына келіскен.
عَنْ عَبْدِ اللهِ بْنِ عُمَرَ – رَضِيَ اللهُ عَنْهُ – قَالَ : قَالَ النَّبِيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: “لاَ يَمَسُّ الْقُرْآنَ إِلاَّ طَاهِرٌ “. رَوَاهُ الدَّارَقُطْنِيُّ فِي سُنَنِهِ، وَقَالَ فِي مَجْمَعِ الزَّوَائِدِ: ” رَوَاهُ الطَّبَرَانِيُّ فِي الْكَبِيرِ، وَالصَّغِيرِ، وَرِجَالُهُ مُوَثَّقُونَ “.
Абдуллаһ ибн Омар (р. анһума) былай айтады: Аллаһ елшісі (с.а.у.): «Құранды тек таза адам ғана ұстайды» – деді.
Хадисті Даруқұтни «Сунан» кітабында риуаят етті. Әл-Һәйсәми «Мажмаъуз-зауаид» атты кітабында «Бұл хадисті Табарани «Кабир» және «Сағир» атты хадис кітаптарында риуаят етті. Рауилері сиқалар (сенімді).» – деп келтіреді.
|
| |
|
|
| Abdulattef | Дата: Пятница, 16.11.2012, 22:01 | Сообщение # 3 |
|
Рядовой
Группа: АДМИН
Сообщений: 12
Статус: Offline
| 3. Ижма:
Сахабалар (р.анһум) дәреті жоқ адамның Құранды ұстай алмайтындығы жайында бір ауыздан келіседі (ижмаъ). Құранды дәретсіз ұстауға болмайды деген көзқарасты ұстанған сахабаларға келсек, олар – Омар ибн әл-Хаттап, Абдуллаһ ибн Омар, Сәлман Фариси, Амр ибн Хазм, Хаким ибн Хизам және Осман ибн Әбил-Ас (р.анһум). Сол заманда аты аталған сахабаларға осы мәселеде қарсы шыққан бір де бір сахаба білінбеген.[iv]
وَرُوِيَ عَنْ عَلْقَمَةَ قَالَ: كُنَّا مَعَ سَلْمَانَ الْفَارِسِيِّ فِي سَفَرٍ، فَقَضَى حَاجَتَهُ، فَقُلْنَا لَهُ: تَوَضَّأْ حَتَّى نَسْأَلَكَ عَنْ آيَةٍ مِنَ الْقُرْآنِ، فَقَالَ: سَلُونِي، فَإِنِّي لَسْتُ أَمَسُّهُ، فَقَرَأَ عَلَيْنَا مَا أَرَدْنَا، وَلَمْ يَكُنْ بَيْنَنَا وَبَيْنَهُ مَاءٌ) وَفِي لَفْظٍ آخَرَ أَنَّهُ قَالَ: ” سَلُونِي فَإِنِّي لاَ أَمَسُّهُ، إِنَّهُ لاَ يَمَسُّهُ إِلاَّ الْمُطَهَّرُونَ”. (سُنَنُ الدَّارَقُطْنِيِّ ، 1/123 وَقَالَ أَبُ الطَّيِّبِ مُحَمَّدٌ شَمْسُ الْحَقِّ الْعَظِيم آبَادِي فِي التَّعْلِيقِ الْمُغْنِي عَلَى سُنَنِ الدَّارَقُطْنِيِّ : هَذَا إِسْنَادٌ صَحِيحٌ مَوْقُوفٌ عَلَى سَلْمَانَ.) .
Алқамадан риуаят етілуі бойынша ол былай дейді: «Біз Сәлман Фарисимен бір сапарда тұғынбыз. Ол тысқа шығып келді. Біз оған «Дәрет ал, сенен Құранның бір аяты жайлы сұрайық.» – дедік. Ол«Сұрай беріңдер, мен оны (Құранды) қолыммен ұстамаймын ғой» – деді де, біз сұраған аятты оқып берді. Сол мезетте қасымызда су жоқ еді.» Хадистің басқа бір риуаятында ол былай деген:«Менен сұрай беріңдер, мен оны (Құранды) қолыммен ұстамаймын ғой. Себебі, «Оны тек тазалар ғана ұстайды.» (Уақиға, 79-аят)». (Дарақұтни «әс-Сунан», І том, 123-бет. Бұл кітапқа шарх (түсіндірме) жасаған Әбут-Тайиб Мұхаммет Шамсул-хақ әл-Азим Әбади түсіндірмесі – «әт-Таълиқул-Муғни ъалә сунанид-Дарақұтниде» айтады: «Бұл (хадистің иснады) сахих иснат, әрі сахаба Сәлманның мауқуф хадисі.»)
Шайхул-ислам Ибн Тәймия осы және басқа да хадистерді келтіріп былай дейді: «Бір топ табиғиннен талассыз тұрғыда міне осылай жетті. Әрі бұл (Құранды дәретсіз ұстамау жайындағы) пікір табиғиндер мен сахабалардан білінеді. Ал бұл жайт аталмыш ұстанымның олардың арасында белгілі болғанын айғақтайды».[v]
Қ. Жұмағұлов
|
| |
|
|