| Abdulattef | Дата: Среда, 14.11.2012, 01:22 | Сообщение # 1 |
|
Рядовой
Группа: АДМИН
Сообщений: 12
Статус: Offline
| Құранда Жаратушы Аллаһ былай деген екен: «Біз адамды топырақтан жаратып алып, оны тамшы ретінде сенімді жерге орналастырдық, сол тамшыдан ұйыған қан жасадық және ұйыған қаннан бір кесек ет жаратып, еттен сүйек жараттық та, ол сүйекке ет бітіріп, содан кейін оны басқа бейнеде жаратып шығардық, - шынымен де Аллаһ Тағаланың шеберлігі шексіз!» (“Мүминұн» сүресі, 12-14-аяттар).
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл аятты былай түсіндіреді: "Қайсың болсаң да анаңның құрсағында 40 күн жатасың. Кейін, осы уақыт ішінде (шәуһат) желім іспетті ұйыйды. Одан соң, ұйыған қанның кесек етке айналуына да соншалықты уақыт қажет. Тек содан кейін ғана жан салуға періште жіберіледі".
Жаратушының Кітабында ұрықтың даму процесі сатылы түрде нақты жазылғандығы таңдандырмай қоймайды. Аллаһ Тағала Ұлы нышан ретінде иман негізі, діни қағидалары және күні бұрын берілген ұйғарым, пайғамбарлар тарихы және адамзат тағдырымен қатар адамға оның жаратылу құпиясын да ашады. Әлемдік медицинада ультрадыбыстық зерттеу арқасында анықталған ақпараттар мұсылман дәрігерлеріне сонау ҮІІ ғасырда-ақ белгілі болған. Аяғы ауыр әйелдер мен жаңа туған нәрестелерді емдеу барысында олар осы ақпараттарды іс-тәжірибесінде кеңінен қолданған екен.
1984 жылы "Тhe Globe and Mail" газеті Канаданың әйгілі гинекологы, профессор Кейс Моордың зерттемелерін жариялады. Медициналық тәжірибеде тек 1940 жылы ғана ресми түрде бекітілген адам ағзасының пайда болып, дамуы туралы теорияның ҮІІ ғасырда Құран сүрелерінде әлдеқашан айтылғандығына тәнті болғандығын доктор Моор жасырмаған. Өзінің ғылыми тұжырымдамаларын Кейс Моор «Құран мен хадистердегі адамның пайда болу кереметі» деген атпен берілген басылымда қорытындылайды. «Гинекология саласындағы бірінші зерттеу тәжірибелері ҮІ ғасырда қолға алынғандығы белгілі. Ежелгі ғалымдар құс балапанының ұрығын зерттеп, қорытынды жасауға талпынғанымен, белгілі нәтижеге қол жеткізе алмаған. Келесі екі мың жылдықта гинекология саласында айтарлықтай ілгері жылжушылық байқалмайды. Тек ХVІІ ғасырда микроскоп құралы пайда болғаннан соң, ұрықтың даму кезеңдерін зерттеу саласында шамалы прогресс байқалады. Бірнеше жылдар бойында мен Құран мен хадистерді зерттеумен қатар, ана құрсағындағы ұрық пен нәресте ағзасының дамуын қадағалауды қоса жүргізіп отырдым. Сөйтіп, VII ғасырда адамзатқа түсірілген Қасиетті кітапта бүгінгі ғылыми тұжырымдармен толық үйлесетін ғылыми сипаттағы ақпараттарға тап болдым. Бұл менің жан дүниемді тебірентті. Енді мен гинекология саласындағы соңғы жетістіктерге сәйкес келетін, іріктеліп алынған Құран сүрелерін келтірсем: ананың құрсағындағы ұрықтың кезең-кезеңмен даму идеясы 1942 жылы ұсынылды; ол идея ғылыми тұжырым ретінде қалыптасып, көптеген зерттеуші ғалымдар тарапынан тек 1974 жылы ғана қолдау тапты» деп жазады Кейс Моор.
|
| |
|
|
| Abdulattef | Дата: Среда, 14.11.2012, 01:22 | Сообщение # 2 |
|
Рядовой
Группа: АДМИН
Сообщений: 12
Статус: Offline
| Құран мен хадистерде ұрықтың үш қараңғы түнекте дамитындығы туралы айтылған. Бұл мәлімет ұрықтың үш қабатта: бірінші – қарын қуысында, екінші – жатыр қуысында, үшінші –ұрықтанғаннан кейін пайда болатын амниакорионикалық жарғақшада дамитындығы туралы соңғы ғылыми деректермен үндеседі. Осы үш анатомиялық қабат ұрықты сыртқы жайсыздықтардан қорғайды.
Құран аяттары ұрықтың алғашқы пайда болу сәттерінен бастап іштегі нәрестенің «қадалып жабысқан сүлік» сұлбасынан «шеті тістелген кесек ет» сұлбасына дейін өзгеретіндігін егжей-тегжейлі сипаттайды. Бұл сипаттамалардың шынайылығына күмән келтірмесек те, жиырма төрт күндік ұрық-нәрестені араб сүліктерімен салыстырғанда, таңданысымызда шек болмады. Ұрық-нәрестенің сұлбасы сүлік сұлбасымен пара-пар болып шықты. Міне, тап осы кезең қазіргі кезде медицинада «ұрықтың жатырға жабысу кезеңі» деген анықтамаға ие болды (шынында да, «қадалып жабысқан сүлік» деген сипаттама өте ұтқыр, бейнелі айтылған). Доктор Моор өзінің дәлелдемелерін былай деп жеткізеді: «Ғылыми деректерге сүйенетін болсақ, ұрық ұрықтанғаннан кейін жатыр ішіне орналасады. Сегізінші апта дегенде адам бейнесіне ене бастайды. Жатырға орналасқан уақыттан 50-55 тәулік өткенде ұрық толығымен адам бейнесіне еніп болады. Нәрестенің құлағы мен көзі төртінші аптада, 42 тәулік дегенде қалыптасады. Осыған байланысты біз, зерттеуші ғалымдар, Пайғамбар сөздеріне жүгінгенде, еріксіз таңдануға мәжбүр болдық. Тағдыр туралы талас барысында Мүсілім имамның айтып берген хадисін келтірейін: «шәуһаттың жатырға орналасқан сәтінен қырық екі түн өткенінде, Аллаһ Тағала ұрыққа құлақ, көз, ет, қаңқадан тұратын адам сұлбасын қалыптастыруға періште жібереді. Періште Жаратушыдан сұрайды: "Жасаған Ием! Жынысы қандай болмақ, еркек пе, әйел ме?…".
Бұл хадисте терең мағына жатыр. Неге ұрықтың жынысын Періште анықтайды? Ғажаптығы сол, сұрақтың өзі қойылған сауалға жауап болып табылады. Себебі, осы кезде ұрықтың сүйегі, еті, нерв жүйесі мен сезім мүшелері қалыптасып болғанымен, оның жынысы әлі белгісіз болады. Ал хадисте осы жағдай сондай шеберлікпен жеткізілген.
Доктор Моор басқа да фактілерді келтіреді: «Неліктен Құран аяттарында төрт апталық ұрық шеті тістелген кесек етке теңеледі және бұл теңеудің астарында не жатыр? Әңгімеге тиек болып отырған аяттардың сыры ұрықты тап осы кезде зерттегенімізде мәлім болды. Жиырма сегізінші күні ұрықтың бойында тістің ізіне ұқсас, жіпке тізілген маржандай иректер пайда болады екен. Тәжірибе ретінде біз жұмсақ икемді материалдан ұрық-нәрестенің макетін жасап, тістің ізі қалатындай етіп, шетінен тістеп алдық. Енді макетпен шынайы ұрық-нәрестені салыстырғанымызда, олардың ұқсастығына көз жеткіздік. Құранда адам ұрығының «шеті тістелген ет кесегіне» ұқсайтындығы осы себептен айтылғаны белгілі болды. Ғылымда жаңалық ретінде жаңа ғана жария болып жатқан құбылыс бұдан 1400 жыл бұрын ұсақ-түйегінен бастап, күні мен сағатына дейін Құранда айтылып кеткенін қалай ғана ғажайып керемет демессің?!» www.ummet.kz
|
| |
|
|