[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
  • Страница 1 из 1
  • 1
Қаттани мешіті: 3045 отбасыға қайрымдылық жасалды
AbdulattefДата: Вторник, 13.11.2012, 05:43 | Сообщение # 1
Рядовой
Группа: АДМИН
Сообщений: 12
Репутация: 0
Статус: Offline
Ұлық мереке – Құрбан айтты биік деңгейде өткізу үшін Шымкент қаласы облыстық «А.Қаттани» мешітінің ұйытқы болуымен көптеген игі іс шаралар жүзеге асарылды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен Дінбасы Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің бастамасымен бірнеше жылдан бері мемлекет тұрғысынан құрбан айт күнін мереке күні деп белгіленді. Айтулы мереке жыл санап маңызы мен құндылығы артып келеді. Бұл мереке халықты бірлікке, ынтымаққа, бауырмалдылыққа, сабарлылыққа, қайырымды болуыға т.б. толып жатқан асыл қасиеттерді насихаттауда берері мол ден санаймыз.

Соның бір айғағы облыс көлеміндегі аудан, қала орталықтарындағы үлкен алаңдар мен аудандық орталық саябақтарда құрбан айт мерекесі аталып өтілді. Онда мерекелік концерттік бағдарламалар, жыр, терме, діни әндер, ұлағатты қариялардың насихат сөздері мен қатар, ұлттық ойындардан күрес, кір тасын көтеру секілді ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

Осы мерекелік іс шара Сарыағаш ауданы әкімдігі мен бірлесе отырып, аудандық орталық «Жеңіс» саябағында жоғары деңгейде өткізілді. Дәл осындай мерекелік шара Шардара қаласы, Түркістан қаласы, Кентау қалаларын атап өтеу керек.

Биылғы жылы құрбан айт мерекесінде облыстық «Абдул Хамид Қаттани» мешіті тарапынан 280 отбасыға ет таратылып, қайырымдылық өткізілді.

Жалпы, облыс аумағы бойынша жағдайы төмен, жүмкіндігі шектеулі 3045 отбасыға құрбандық еттері мен азық-түлік, қаржылай т.б. көмек түрлері көрсетілді.

Осы орайда, қайырымдылық шараға қатысып, үлес қосып, қолдау білдірген барша мұсылман бауырларымызға Алла тағаланың нұры жаусын!



Мұхамеджан Естеміров,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының

ОҚО бойынша өкіл имамының орынбасары
 
  • Страница 1 из 1
  • 1
Поиск:

Форма входа
Видео уағыз
САЙТ ҰНАДЫ МА?
Оцените мой сайт
Всего ответов: 95